«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
03.09.2020
139 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС бас директорының мұнай және газ кешені жұмыскерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, ардагерлер, сервистік компаниялардың жұмыскерлері!

Сіздерді Мұнай және газ кешені жұмыскерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі әлемдік ауқымдағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, ПМХЗ өзінің әлеуетін және әлеуметтік жауапкершілігін төмендетпей, өндірістік бағдарламаны толығымен орындай отырып, жұмысын жалғастырып жатқанын атап өткім келеді. Зауыт бүгінгі күннің талаптарына сай, тиімді әрі сенімді түрде алға басуда.

Кәсіби мереке қарсаңында мен «ПМХЗ» ЖШС-нің, қызмет көрсететін компаниялардың барлық жұмыскерлеріне, ардагерлерге, кәсіпорын серіктестеріне денсаулық, өркендеу, қаржылық әл-ауқат, болашаққа деген сенім, тағдырдағы жарқын және бақытты күндер, отбасы мен достардың сүйіспеншілігі мен құрметінде болуға тілектеспін!

Құрметпен,

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейтов


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу