«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.09.2020
160 просмотров
ПМХЗ павлодарлықтарды зауыттың санитарлық аймағындағы атмосфералық ауаның жағдайы туралы хабардар ете бастады.

Павлодар тұрғындары бұл мәліметтерді қаланың орталық көшелерінде орнатылған алты LED-экраннан көре алады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС еліміздің экологиялық саясатын қолдай отырып, кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыстарды алғашқылардың бірі болып жалғастыруда.

Зауыт жұмысшыларына, аутсорсингтік және мердігерлік компаниялардың жұмысшыларына кәсіпорынның қызметі туралы, соның ішінде экологиялық ақпарат беру үшін өндіріс алаңдарында және зауыт аумағында 2018 және 2019 жылдары LED-экрандар орнатылды.

2. Фото экрана (на территории ТОО ПНХЗ).jpg


3. Фото экрана (за территорией ТОО ПНХЗ).JPG

2020 жылы «ПМХЗ» ЖШС зауыт аумағынан тыс - Павлодар көшелеріндегі LED-экрандарда атмосфералық ауадағы негізгі ластаушы заттардың концентрациясы туралы мәліметтерді таратудың аймақтық жобасына қатысты. 2020 жылғы 26 ​​тамыздан бастап павлодарлықтар «ПМХЗ» ЖШС санитарлық-қорғау аймағы шекарасының бақыланатын төрт нүктесінен алынған атмосфералық ауаның жай-күйін облыс орталығының алты LED-экранынан көре алады. Қала тұрғындарына ПМХЗ туралы экологиялық ақпаратты көрсете отырып, зауыт көпшілікке кәсіпорынның жағдайы мен оның экологиялық көрсеткіштері үшін жауапкершілігін көрсетті.

«ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімі берген ақпараты бойынша жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу