2026 жылы 30 қаңтарында Астана қаласының «Тарлан» мұз аренасында ПМХЗ хоккеистері «ҚазТрансОйл» командасымен хоккейлік кездесу өткізді.
Бұл «Самрук-Қазына» Қорының ұйымдастыратын дәстүрлі Қысқы спартакиадасына дайындық аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кәсіпорындары командаларының іріктеу ойыны болды. Іріктеу нәтижесінде үздік спортшылар «ҚазМұнайГаз» құрама командасына ілінеді.
ПМХЗ командасының капитаны, мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің компрессорлық қондырғылар машинисі Александр Драган қарсылас қақпасына екі шайбы соқты.
Тағы бір шайбыны технолог-инженер Осман Алимусаев енгізді.
Бірінші кезең ПМХЗ командасы үшін қиын болды: қарсыластар жауапсыз төрт шайбы соқты. Екіншей кезеңде біздің команда бастаманы қолға алып, таблодағы цифрлар 3-4-ті көрсетті. Алайда, соңғы кезеңде басымдық тағы да «ҚазТрансОйл» командасының жағына көшті. Нәтижелік есеп – 3-9.
«Самрук-Қазына» ҰК АҚ компаниялар тобының екінші Қысқы Спартакиадасы 2026 жылдың 7-8 ақпанында Астанада өтеді. Негізгі спорт түрлері хоккей және SAMRUK SKI RACE шаңғы жарысы болады. Samruk-Kazyna Trust ұйымдастырған іс-шара корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған және «Жылу жүрек» әлеуметтік миссиясын іске асырады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Маулет Мукатаев