«ПМХЗ» ЖШС мердігер ұйымдарымен өткен кездесу зауыттың Бас директоры Маждай Ахметовтың төрағалығымен өтті.
Кеңес барысында бірқатар өзекті тақырыптар қаралды:
• «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ кәсіпорындарындағы жарақаттану деңгейін талдау;
• 2025 жылы мердігер ұйымдар тарапынан жіберілген бұзушылықтар;
• ҚжЕҚ, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт және электр қауіпсіздігі талаптарының қайталанатын бұзушылықтарын талдау;
• жарақат алу қаупі жоғары жұмыстарды талдау;
• мердігер ұйымдарға жүргізілген кешенді тексерулердің нәтижелері;
• 2026 жылға арналған еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
• өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігер ұйымдармен ынтымақтастық.
Бас директор Маждай Ахметов тұрақты бақылаудың, әсіресе қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау кезінде, аса маңызды екенін атап өтті.
«ПМХЗ» ЖШС қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің мәліметтері бойынша 2025 жылы кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін мердігер және сервистік ұйымдарда жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Мердігер ұйымдардың қауіпсіздіе пен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігі талаптарын сақтауына қатысты тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі.
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен шешімдер қабылданып, нөлдік жарақаттану көрсеткішімен апатсыз жұмысты одан әрі жалғастыру бағыты айқындалды.
«ПМХЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: ҚжЕҚ қызметімен ұсынылды