Бастапқы кеңесте «ҚМГ» ҰК АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Әнуарбек Кәрімов «ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын комиссия құрамымен және тексеру жоспарымен таныстырды.
Жұмыс тобының қатысушылары бірнеше күн бойы кәсіпорынның өндірістік объектілері мен әкімшілік-тұрмыстық корпустарына барып, талап етілетін аспектілерді көрсететін құжаттамамен танысты. «ПМХЗ» ЖШС қызмет көрсететін сервистік және мердігерлік ұйымдарға аудит жүргізді. Сонымен қатар мұнайды терең өңдеу өндірісінде (МТӨӨ) аварияларды жою жоспары бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Жұмыс тобы оқу-жаттығуларға қатысушылардың авариялық жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдарының дұрыстығы мен үйлесімділігін бағалады.
Өткізілген жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өткізілді. Кеңес бейнероликті қараудан басталды. Шағын фильмде қауіпсіздік шараларын сақтамау және еңбекті дұрыс ұйымдастырмау жұмыс орнында жазатайым оқиға мен өлімге әкелуі мүмкін екендігі көрсетілді.
Әнуарбек Кәрімов Павлодар мұнайхимия зауытының ЕҚжәнеЕҚ бойынша көрсеткіштері оңды екенін атап өтті. Өткен жылда өндірістік жарақаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Өнеркәсіптік объектілерде әрбір жұмыскер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне үнемі назар аударуға міндетті екенін еске салды.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша «ҚМГ» ҰК АҚ ЕТҰ мамандары өз кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында енгізілген үздік тәжірибелермен алмасты және өндірістік қауіпсіздікті одан әрі дамыту жөнінде бірлескен шешімдер қабылдады.