«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС алаңында мұнайды терең өңдеу кешенінің С-400 түтін газдарының жылуын кәдеге жарату қондырғысында аварияларды жою жоспары бойынша оқу-жаттығу дабылы өткізілді.
Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өкілдерімен бірлесіп, ПМХЗ кәсіби өртке қарсы және газдан құтқару қызметтерінің жұмыскерлері қатысты. Аңыз бойынша П-401 кәдеге жарату қазандығы оттығы арматурасының ернемекті қосылысының істен шығуы нәтижесінде отын газы тарс етті, кейін жанып, шартты түрде зардап шеккен адам болды. Қатысушылар өртті сөндіріп, зардап шегушіні құтқарып, авариялық жағдайды жойды.
Іс-шара қорытындылары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ӨҚД директоры Әнуарбек Кәрімов іс-қимылдардың үйлесімділігін, жедел ден қою деңгейін және қызметтердің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтіп, персонал мен авариялық-құтқару құралымдарының дайындық деңгейіне оң баға берді.
Өткізілген оқу-жаттығулар «ПМХЗ» ЖШС-нің штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын және кәсіпорында қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін растады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Николай Попенко