«ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері мен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын талқыға салды. Өз пікірлерімен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жарқынбек Амантай мен Айтуар Қошмамбетов, Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары және қоғам қайраткерлері бөлісті.
2400-ден астам адам жұмыс істейтін қала құраушы кәсіпорынның жұмыскерлері үшін Конституция жобасында өмірдің барлық салаларында, соның ішінде еңбек саласында адам құқықтарын сақтауға бағытталғаны маңызды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптар артып, мемлекет тарапынан қолдау мен назар күшейтілетініне кепілдік береді.
Әрбір адам білікті заң көмегіне сене алатын мемлекеттік басқаруды, сот жүйесін және құқық қорғау механизмдерін реформалау Қазақстанның болашағы үшін маңызды болып саналады. Ақпараттық технологияларды дамытуға ғана емес, дербес деректерді қорғауға да ерекше назар аударылады.
Зауытшылар экологиялық аспектілердің көрінісін ерекше маңызды деп атады. Адамға бағдарланушылық, қоршаған ортаға зиянсыздық, Ұлы дала дәстүрлерін ұстану және прогрессивті көзқарастар сияқты Негізгі Заң жобасының қағидаттары Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлерін шабыттандырды. Олар 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституция референдумына қатысу маңызды міндет деп санайды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Ирина Адылканова