«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
27.02.2026
1 просмотров
ПМХЗ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары түсіндірілді Павлодар мұнайхимия зауытында жұмыс ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі нормалары, «ПМХЗ» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі құжаттары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу тетіктері қарастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп мәселелері және жеке мүдделілік туындаған жағдайда хабарлау тәртібінің тәжірибелік аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Комплаенс жөніндегі жетекші маман Алмат Рахымтай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда жұмыскерлердің  іс-қимыл алгоритмдерін, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау кезінде объективтілік пен бейтараптыққа әсер етуі мүмкін жағдайларға жол бермеу талаптарын түсіндірді.
ПМХЗ қызметкерлеріне «Сенім телефонының» жұмысы туралы ақпарат берілді. Бұл -сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ықтимал, жасалған немесе жасалып жатқан бұзушылықтары туралы, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша құпия және қалаған жағдайда анонимді түрде хабарлауға арналған, сыртқы тәуелсіз ұйым әкімшілік ететін байланыс арнасы. Төмендегі телефон нөмірлері мен байланыс құралдары арқылы хабарласуға болады: +7 800 080 47 47, WhatsApp +7 771 191 88 16, www.sk-hotline.kz, mail@sk-hotline.kz.

Қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын атап өтті. Осындай оқыту іс-шараларын өткізу ұйым қызметінде ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыреттілігін арттыру жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелі негізде жалғастырылады.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото –Ирина Адылканова 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу