2016 жылдан бастап, 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі – бұл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тығыз байланысты және елдегі бірлік пен келісімнің басты символына айналды.
Бұл – қазақстандықтар бір-біріне бейбітшілік пен достық үшін алғыс айтатын, әсіресе жүздеген мың қоныс аударушыларға танытқан мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін қазақ халқына ерекше құрмет көрсететін күн.
Әр жылдары олар тың жерлерді игеруге ерікті түрде келді немесе ауыр тарихи кезеңдерде жер аударылды, ал бүгінде Қазақстан 130 этнос өкілдері үшін ортақ үйге айналды, олар 17 діни ілімді ұстанады.
Павлодар мұнайхимия зауытының ұжымы осынау мерекеде барлық қазақстандықтардың амандығы мен бірлігін тілей отырып, өзара құрмет пен келісімнің ел дамуының берік іргетасы екенін атап өтеді.
Алғыс айту күні бізге бірлік пен өзара құрмет – тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екенін еске салады.