Байқауды Павлодар облысы ҚР Балық аулау федерациясының ұлттық санаттағы бас төрешісі Р.Ш. Таржакаев бағалады.
Жарыс төрт сағат бойы командалық және жеке есепте өткізілді. Ұстаған балықты өлшеу нәтижелері бойынша жеке біріншілікте орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Дмитрий Мартусь (Электрмен жабдықтау цехы);
2 орын — Никита Пашутин (АМҚӨӨ);
3 орын — Руслан Газимов (МБӨӨ).
Командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1 орын — Қайрат Ільяшев (№7 цех) және Никита Евгеньевич Пашутин (АМҚӨӨ);
2 орын — Антон Зубрицкий және Дмитрий Мартусь (Электрмен жабдықтау цехы);
3 орын — Станислав Бузунов және Сырым Сеитов (№8 цех).
Мұзды жылдам бұрғылау кезеңі бойынша:
1 орын — Серік Турешев (№12 цех);
2 орын — Рустем Темешев (№7 цех);
3 орын — Дмитрий Рязанов («КМГ-Кумколь» ЖШС).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды. Аталған іс-шара балық аулау спортын насихаттауға және кәсіпорын қызметкерлерінің бұқаралық демалысын дамытуға бағытталған.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко