«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
10.03.2026
1 просмотров
ПМХЗ-да нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады Сахна төрінен ұжымның әйелдер қауымына арналған алғыс пен құрмет сөздері айтылып, талантты әртістер өздерінің шығармашылық нөмірлерімен мерекелік көңіл күй сыйлады.
Әйелдер күн сайын кәсіпорнымыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Адал әрі көпжылдық еңбегі үшін үздік қызметкерлерге «ПМХЗ» ЖШС басшылығы марапаттар табыс етті.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның естелік белгісімен Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің (МКТӨ) өндірістік операциялар жөніндегі инженер-диспетчері Ольга Соромотина марапатталды. Жөндеу-механикалық цехының (ЖМЦ) 4-разрядты кран машинисі Айгүл Рыспекова «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Алғыс хаттары Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің (АМҚӨӨ) 3-разрядты құюшы-қотарушы операторы Марина Портнаяға және Санитарлық зертхананың 5-разрядты химиялық талдау зертханашысы Юлия Поротниковаға табысталды.
Өндірісті оңтайлы жоспарлау және талдау бөлімінің бастығының орынбасары Флюра Яхина, сондай-ақ Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің (АМҚӨӨ) 4-разрядты тауар операторы Гүлмира Мусаипова Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал Санитарлық зертхананың 5-разрядты химиялық талдау зертханашысы Тулкин Ержігітова мен Бухгалтерияның жетекші бухгалтері Варвара Коробейникова Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Осы күні Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы Цифрландыру, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар департаментінің жетекші инженері Лариса Гранкинаға табысталды. Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хаты Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехының (БӨАжәнеТҮА) 4-разрядты слесары Айнур Давлятчинаға берілді.

«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының атынан Алғыс хаттар Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің (МКТӨ) 4-разрядты тауар операторы Айнаш Сабитденоваға, Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығының (КӨжәнеЖЗШ) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Ольга Текжановаға, Санитарлық зертхананың 4-разрядты химиялық талдау зертханашысы Алия Абильхасоваға, Жөндеу-механикалық цехының (ЖМЦ) 4-разрядты кран машинисі Евгения Кочетоваға, Сумен жабдықтау және кәріз цехының (СжәнеК) 3-разрядты сорғы қондырғыларының машинисі Марина Тренюшеваға, Техникалық бөлімнің инженер-технологы Ольга Власоваға, Материалдық-техникалық жабдықтау және жабдықтарды жинақтау департаментінің орталық қойма меңгерушісі Алена Поповаға, Автоматтандыру және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің метрология жөніндегі инженері Татьяна Мелешкинаға, Мұнай логистикасы және маркетингі департаментінің бөлім бастығы Айтжан Қадырбаеваға, сылақшы Татьяна Ганжеге, Мұнай логистикасы және маркетингі департаментінің Мұнай өнімдерін тиеу бөлімінің маманы Салтанат Уразоваға табысталды.

Айта кетейік, мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медаліне Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехының (БӨАжәнеТҮА) 5-разрядты слесары Людмила Белоусова ие болды.

Ал Санитарлық зертхананың 4-разрядты химиялық талдау зертханашысы Елена Казакова Павлодар облысы әкімінің атынан Алғыс хат табыстау рәсіміне Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтетін салтанатты іс-шараға шақырылды.
Барлық әйел-қызметкерлерді көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірлеріңіз әрдайым махаббатқа, денсаулыққа, бақыт пен табысқа толы болсын!


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова, Айнаш Мажит

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу