«Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-нің мини-футбол бойынша құрама командасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2026 жылғы спартакиадасының финалдық кезеңіне жоспарлы түрде дайындық жүргізуде.
«Мұнайшы» ойыншыларының арасында зауыттың 20 қызметкері бар. ПМХЗ-ның сумен жабдықтау және кәріз цехының сорғы қондырғыларының машинисі Рамин Тагиев кәсіпорын футболшыларының жаттықтырушысы ретінде қызмет атқарады және ол физикалық дайындық деңгейін арттыруға, тактиканы жетілдіруге және командалық іс-қимылды нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Осы айда мұнай өңдеушілер ALASH CUP турниріне қатысты, бұл спорттық көрсеткіштерді жақсартудың тамаша мүмкіндігі болды. Өйткені жаттығу процесіне, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу командаға ойын дағдыларын дәйекті түрде дамытуға, жарыс тәжірибесін жинақтауға және жалпы дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
ALASH CUP — бұқаралық спортты дамытуға бағытталған әуесқой командалары арасындағы футзалдан ашық турнир. «Мұнайшы» осы жарыстың топтық кезеңін сәтті өткізіп, плей-офф сатысына шықты және 4-орынды иеленді. Мұнай өңдеушілер топтық кезеңде LLF-тің қазіргі чемпиондары «Ертіс ауданымен» 1:1 есебімен тең түсіп, Шарбақты ауданының командасын 6:3 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Плей-офф сатысында «Мұнайшы» командасы «Қызылжар» (4:2) және өткен жылғы финалистер «Шақат» (4:2) командаларын бірінен соң бірін жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты, ал турнир қорытындысы бойынша 4-орынға табан тіреді.
Командаға тұрақты ойын, алға қойған мақсаттардың орындалуын және алдағы жарыстарда лайықты өнер көрсетуді тілейміз.
«ПМХЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс бөлімі Видео – Рахым Самина