ПМХЗ-ның бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА) мамандары үздік атағы үшін бақ сынауда
20.04.2026
20 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС-нің 43 аспапшысы «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауының қатысушысы атанды. Алғашқы кезеңде мамандар тестілеуден өтіп, теориялық тапсырманы орындады. Оның қорытындысы бойынша екінші кезеңге 9 қатысушы өтті, олар бүгін практикалық дағдыларын көрсетуде.

Бұл кезеңнің тапсырмалары 6-разрядты аспапшының білім деңгейіне сәйкес келеді. Қатысушы бақылау-өлшеу аспаптарын баптарын білуі, схемаларды құрастыруы және қалқандық аспаптарға нақты көрсеткіштерді шығара алуы тиіс. ПМХЗ-да барлығы 62 аспапшы жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, ПМХЗ-да «Үздік маман» байқауы жыл сайын өткізіледі. Ол жоғары кәсіби кадрларды анықтауға және қолдауға, жас мамандарды тәрбиелеуге және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова