Байқауға Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің, Павлодар монтаждау колледжінің, Түсті металлургия жоғары колледжінің, Ақсу қара металлургия колледжінің, Павлодар жоғары мұнай-газ колледжінің және Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері қатысты.
Конкурстық тапсырма қатысушылардың құзыреттілігін кешенді бағалауға бағытталған үш модульді қамтыды.
Әр қатысушы үш проекцияда техникалық сызба салуды, жабдықтарды диагностикалауды, бөлшектеу және құрастыруды, тозған бөлшектерді ауыстыру мен қалпына келтіру бойынша білімі мен дағдысын көрсетуді, сондай-ақ сорғы жабдықтары мен бекітпе арматураны орташа жөндеуден өткізіп, жұмыс сапасын бақылауды қажет етті.
Тапсырмалардың орындалу дәлдігі мен жылдамдығын колледждердің беделді оқытушылары қадағалады. Тәуелсіз сарапшы ретінде ПМХЗ жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімінің динамикалық жабдықтар жөніндегі бас маманы Нұрсұлтан Ахметчанов тартылды.
Біздің кәсіпорын базасында конкурсты ұйымдастыру және өткізу байқау шарттарын нақты өндірістік ортаға барынша жақындатуды қамтамасыз етті. Бұл білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға және білікті мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
«ПМХЗ» ЖШС осындай іс-шараларды өткізуді қолдайды және оларды жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың, жастардың кадрлық әлеуетін дамытудың, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдары мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтудың тиімді құралы ретінде қарастырады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова