«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
27.04.2026
1 просмотр
Мини-футбол ойындарының финалы: мұнай өңдеушілер тартысты ойын көрсетті    2026 жылғы 18-26 сәуір аралығында «Жұлдыз» стадионында «ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелері арасындағы «Спартакиада-2026» аясында мини-футболдан жартылай финалдық және финалдық жарыстар өтті.
   Турнирге 15 команда қатысып, топтық кезеңде келесідей бөлінді:
А тобы: ВиК, РСМЦ, ППТНО, РМЦ;
В тобы: ПППН, ЦОПП, Электр цехы, ПСН;
С тобы: ПСиОЗХ, КИПиАТП, ПВС, ДОТОС;
D тобы: ПГПН, ПКОН, Зауыт басқармасы.


    Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша ең мықты командалар плей-офф сатысына өтті.

    Ширек финалдық кездесулер өте тартысты өтті. Әр ойын соңғы секундқа дейін шиеленісті болып, жеңімпаздар көбіне ойын соңында анықталды. 1/4 финалдың нәтижесінде жартылай финалға төрт команда шықты: ВиК, ППТНО, Зауыт басқармасы, ПВС.

    Жартылай финал турнирдегі ең қызықты ойындардың бірі болды. Үшінші орын үшін ПВС және Зауыт басқармасы командалары таласты.

    Финалдық матч жарыстың нағыз шыңы болды. Финалға шыққан ПВС пен ППТНО командалары жоғары шеберлік пен жеңіске деген жігер көрсетті. Ойын нәтижесінде ППТНО командасы ПВС командасын 4:1 есебімен жеңіп, «Спартакиада-2026» мини-футбол турнирінің жеңімпазы атанды.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 
Фото: Айнаш Мажит

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу