Біздің делегация құрамында болғандар:
Анна Бенке — Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚ және ЕҚ) жөніндегі жетекші инженер;
Ұлан Тұрапов — ЕҚ және ЕҚ жөніндегі жетекші инженер;
Николай Попенко — Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер.
Іскерлік бағдарлама аясында әріптестеріміз Қазақстандағы еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ең ірі халықаралық көрме — KIOSH шарасына қатысты. Бұл — мемлекет пен бизнес өкілдерін, сарапшыларды қауіпсіздік мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды көрсету үшін біріктіретін басты кәсіби алаң.
Мамандарымыз көрмеде ұсынылған отандық және шетелдік арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарының өндірушілерімен танысты.
ПМХЗ инженерлері «Қауіпсіздік таңынан» жаңа қорғаныс стандарттарын енгізуге жігерленіп және ынталанып оралды. Өйткені ПМХЗ үшін қауіпсіздік — бұл жай ғана ереже емес, бұл біз бірге дамытатын ортақ құндылық!
«Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото көрмеге қатысушылармен ұсынылған