«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
08.05.2026
33 просмотров
ПМХЗ тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады Игі дәстүр бойынша 9 мамыр қарсаңында ПМХЗ Жастар ісі жөніндегі кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері кәсіпорынның бұрынғы жұмыскерлері – тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болды.

 Зауыт ұжымы оларға Жеңіске қосқан өлшеусіз үлестері мен сұрапыл соғыс жылдарындағы қажырлы еңбектері үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Бүгінде зауыттың сегіз құрметті тыл ардагерлері арамызда: 
● Раида Андреевна Баканова 
● Валентина Александровна Вохмякова 
● Михаил Федорович Король 
● Николай Николаевич Кулешов 
● Тамара Фоминична Романовцева 
● Августа Михайловна Филимонова 
● Мария Дмитриевна Черемпей 
● Борис Терентьевич Чижов

«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының және барша әріптестерінің атынан қарияларға құттықтау хаттары, гүл шоқтары, азық-түлік себеттері мен материалдық көмек табыс етілді.

Тыл еңбеккерлерін арнайы барып құттықтағандар: — Дария Сағитова, логистика және мұнай маркетингі департаментінің мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі жетекші маманы; — Диас Тоқмағамбет, релелік қорғаныс және автоматика қызметінің электрмен жабдықтау цехының инженері.

Олар аға буын өкілдеріне амандық, денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу