«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
15.05.2026
1 просмотр
«Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер» мамандығы бойынша «Үздік маман-2026» конкурсының нәтижелері «Үздік маман-2026» кәсіби конкурсы аясында электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтерлер арасында жарыс өз мәресіне жетті. Конкурс кәсіби шеберлікті арттыруға, практикалық дағдыларды дамытуға және жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған.
Тестілеу барысында теориялық білімдерін 14 қызметкер тексеруден өтті. Ал практикалық кезеңге 13 қатысушы мақұлданып, 2026 жылғы 23 сәуірде еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өндірістік тапсырмаларды орындаған.


Конкурстың теориялық және практикалық кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Талғат Аманжолов;
2 орын – Александр Ерофеев;
3 орын – Иван Слепов.


Жеңімпаздар жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын, жеделдіктерін және қойылған міндеттерді сапалы орындауын көрсетті.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото Оқыту және дамыту бөлімі – Оқу орталығы тарапынан ұсынылды

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу