«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.02.2021
143 просмотров
ПМХЗ-да жауынгер-интернационалистермен кездесу өтті

Әскерлерді Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында алғаш рет онлайн-форматта, зум арқылы ПМХЗ-да жергілікті соғыстар мен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан зауыт жұмысшыларымен кездесу өтті.

ПМХЗ-да әскери борышын Ауғанстанда және Тәжікстанда өтеген барлығы сегіз қызметкер жұмыс істейді, олар: Саятай Әліпбаев, Петр Ивлев, Сергей Мананников, Юрий Яценко, Серік Нұрғазинов, Геннадий Козак, Бейбіт Қонарбаев, Серікқазы Қыдырмолдин.

Персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Алтын Имантаева жаңа форматта байланысқа шыққан зауыттың жауынгер-интернациолистеріне осы ұмытылмас күніне орай жылы лебізін білдірді, 15 ақпанда оларға қосымша демалыс берілетінін еске түсіріп, қаржылай көмек аударылатынын айтты.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу