«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
29.01.2021
161 просмотров
Павлодар МХЗ: 2020 жылға арналған қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша барлық көрсеткіштер орындалды

2021 жылғы 29 қаңтарда мұнай өңдеу және мұнайхимия дивизионының кеңейтілген кеңесі өтті. Кездесу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнайхимия жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов басшылығымен онлайн режимінде жүргізілді.

Жиналыстың басты тақырыбы: 2020 жыл үшін барлық кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындыларын беру.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнайхимия жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов кездесу үстінде Павлодар МХЗ жөнге салынған тиімді жұмысын атап өтті. 2020 жылға арналған кәсіпорыннның қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық көрсеткіштерінің орындалуы – оның нәтижесі ретінде көрсетілді. «ПМХЗ» ЖШС өз жұмысы барысында мұнайды өңдеу тереңдігі, ашық мұнай өнімдерін шығару, отын мен ысыраптарды азайту, жол битумын өндіру жоспарын қайта орындау бойынша бір жыл ішіндегі барлық өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді».

Бұдан басқа, кеңесте дивизионның барлық кәсіпорындарына 2021 жылға мынадай міндеттер қойылды: барлық технологиялық қондырғылардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету, COVID-19 таратылуына қарсы әрекет бойынша барлық қажетті іс-шараларды орындау; жұмыс барысында қол жеткізген көрсеткіштерді сақтау және ұлғайту.

«Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу