«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
16.06.2026
2 просмотров
«ҚазМұнайГаз» Спартакиадасы: ПМХЗ спортшылары жүлдегерлер қатарында    Елордада «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымдарының қызметкерлерін еліміздің түкпір-түкпірінен біріктірген корпоративтік Спартакиаданың қорытындысы шығарылды. Бірнеше күн бойы қатысушылар әртүрлі спо «ҚазМұнайГаз» Спартакиадасы: ПМХЗ спортшылары жүлдегерлер қатарында

    Жарыстың қорытындысы бойынша «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС өкілдері жүзу бойынша табысты өнер көрсетті. 50 жастан жоғары әйелдер санатында Наталья Берсенева жеңімпаз атанды.




Ал 45–49 жас аралығындағы ерлер арасында Виталий Гайдаенко қола жүлдеге ие болды.
   



   Баскетбол турнирінде «ПМХЗ» ЖШС командасы күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ «Үздік орталық ойыншы» атағымен Қаныш Демесинов марапатталды.
Спартакиада корпоративтік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және компания қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.


    ПМХЗ спортшыларын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – ҚМГ

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу