«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
02.02.2021
145 просмотров
Жаңа инженерлік орталық  - Injenerlik ortalyq -  ПМХЗ пайдалануға берілді

Кәсіпорын аумағында орналасқан орталық зауыт зертханасының бұрыңғы ғимараты ПМХЗ персоналы жайлы жұмыс жасауы үшін кешенді жабдықталған архив қоймасы, кең кабинеттері мен қажетті техникалық үй-жайлары бар қазіргі заманға сай инженерлік орталыққа айналды.

2021 жылғы 2 ақпанда пайдалануға берілген әкімшілік-тұрмыстық корпус кәсіпорынның басымдық міндетін атқарады, атап айтқанда, жаңа ғимаратта жұмысын жалғастыратын ПМХЗ 94 инженерлік-техникалық жұмыскерлерінің өнімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың арасында ПМХЗ өндірістік активтерінің сенімділігін және механикалық тұтастығын қамтамасыз ету департаментінің, өндірістік активтерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді басқару департаментінің, құжаттамалық қатамасыз ету бөлімінің жұмыскерлері бар.

  

Ғимаратта қазіргі заманға сай архив қоймасы, жаңа сервер бөлмесі, жайлы кабинеттер мен қажетті тұрмыстық үй-жайлар орналасқан.

Жиынтық алаңы 600м2 құрайтын архив қоймасын жайластыру кезінде ең үздік технологиялар қолданылды. 

Ағынды-сорғылы желдетуді және қазіргі заманға сай сплит-жүйелерін теңдестіріп пайдалану көмегімен құжаттамаларды сақтау үшін талап етілетін микроклиматтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Ылғалдылық пен температураға бақылау стационарлық термогигрометрмен жүзеге асырылады. Үй-жайлардың бірінде оңтайлы сөрелер жүйесі қолданылған. Бұл жүйе үй-жайдың технологиялық сыйымдылығын 70%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Сервер бөлмесі микроклиматты сақтап тұратын үздік жабдықпен және заманауи жүйемен жабдықталған.

Қайта жобалау кезінде қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөлінгенін атап айтқан жөн: ғимаратта өрт және күзет дабылы жүйелері құрастырылған, апаттық шығудың қосымша құрылысы салынған, ал әрлеу жұмыстарын орындау кезінде тек өрт қауіпсіздігінің керекті топтарының материалдары қолданылған. Архив қоймасы қазіргі заманға сай өрт дабылы және түтінді аластау жүйелерімен, ал сервер бөлмесі газдық өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған.

Жобаны әзірлеуге «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ, «СтройАльянсИнвест» ЖШС, «АСАР Эксперт» ЖШС қатысты. Ғимараттың жалпы алаңы 3432,8 м2 құрайды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу