«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
24.06.2026
24 просмотров
«Үздік маман-2026»: ПМХЗ-да технологиялық сорғылар машинистері арасынан үздік анықталды! Павлодар мұнай-химия зауытында басты кәсіби байқау – «Үздік маман» конкурсының қызған шағы басталды. Оның негізгі мақсаты өзгеріссіз: үздік кадрларды анықтау, жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Бұл жолы назар технологиялық сорғылар машинистеріне аударылды.

Аталған мамандық иелері үшін конкурс екі кезеңнен тұрады: цехтық және зауыттық. Қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетеді.
Бірінші кезең артта қалды. Зауыттық кезеңнің тестілеуіне келесі қызметкерлер қатысты:
Иван Бурчевский (Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі);
Жақсылық Уахитов (Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі);
Мейрам Мұкажанов (Мұнайды терең өңдеу өндірісі);
Дінмұхамед Зияшев (Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі);
Виталий Тараненко (Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі);
Семен Буянов (Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі);
Александр Иващенко (Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы);
Марат Төлепбергенов (Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы);
Рашит Жүркомбаев (Сумен жабдықтау және кәріз цехы).


Финалдық, зауыттық турдың практикалық кезеңде өз ісінің төрт үздігі бақ сынасты.

17 маусым күні өндірістік алаңда тартысты бәсеке өтті. Қатысушылардың басты міндеті – қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, сорғыны дұрыс іске қосу болды.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тапсырманы әдейі күрделендірді.

Мысалы, жұмыс аймағына бөгде заттар орналастырылды.

Нағыз кәсіби маман оларды дереу алаңнан тыс жерге шығарып тастауы тиіс еді. Әрбір әрекетті зауыттың тәжірибелі сарапшыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Жеңімпаз екі кезеңнің қорытынды ұпайлары бойынша анықталды.

Бірінші орынды 13,17 ұпай жинаған Александр Иващенко иеленіп, «Үздік маман» атағына және «Үздік технологиялық сорғы машинисі» мәртебесіне ие болды.
Екінші орынды 13,08 ұпаймен Виталий Тараненко жеңіп алды.
Үшінші орынды 12,71 ұпай жинаған Дінмұхамед Зияшев иеленді.
Құттықтаймыз!

«ПМХЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу