Оқыту модульдік форматта ұйымдастырылып, теориялық дайындықты нақты өндірістік кейстерді тәжірибелік пысықтаумен ұштастырады. Әр модуль кәсіби коучтың қатысуымен екі күндік тренинг форматында өтеді және 25 адамға дейінгі топтарда жүргізіледі. Оқыту барысында қатысушылар практикалық және жеке тапсырмаларды орындап, кейін кері байланыс алады.
Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтыды.
Бірінші модуль персоналды басқаруға арналған. Қатысушылар өндірістегі көшбасшылық негіздерін, оның ішінде желілік басшының рөлі мен басқарудың әртүрлі стильдерін меңгереді, қызметкерлерді ынталандыру құралдарын игереді, сондай-ақ артық әкімшілікке жол бермей тапсырма қою, еңбек тәртібі және қақтығыстарды конструктивті шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Екінші модуль коммуникация мен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Оқыту барысында көпшілік алдында сөйлеу, сөз құрылымын қалыптастыру және вербалды емес коммуникация мәселелері қарастырылады. Қатысушылар стресс пен жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істеу дағдыларын пысықтайды, сондай-ақ персоналды дамыту мен ынталандыру құралы ретінде конструктивті кері байланысты беру және қабылдауды үйренді.
Үшінші модуль операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған. Бағдарламаға өндірістік талдау негіздері, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерімен жұмыс істеу, үнемді өндіріс қағидаларымен, процестерді оңтайландыру және визуалды басқару құралдарымен танысады, сондай-ақ сапаны басқару, ауытқуларды талдау және қайталанатын ақаулардың алдын алу тәсілдерін меңгерді.
2026 жылы маусым айындағы жағдай бойынша бағдарлама аясындағы алғашқы лек — кәсіпорынның 50 жұмыскері оқуды аяқтауда. Үш ай ішінде олар барлық оқу модульдерінен өтіп, негізгі басқарушылық құзыреттерді пысықтады.
Бағдарламаны іске асыру кәсіпорындағы персоналды дамыту және өндірістің кадрлық әлеуетін нығайту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі