ПМХЗ-да Павлодар облысы бойынша Экология департаменті мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті
01.07.2026
1 просмотров
2026 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті бекіткен медиа-жоспарды іске асыру аясында «ПМХЗ» ЖШС-де Павлодар облысы бойынша Экология департаментінің, «Қазгидромет» РМК-ның өкілдері, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты – Экологиялық кеңестің төрағасы және экологияны жақсарту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) қатысқан пресс-тур өтті.
Пресс-турдың негізгі мақсаты – қатысушыларды кәсіпорында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттардың автоматтандырылған мониторинг жүйесімен (АМЖ) таныстыру болды. Аталған жүйе мұнайды бастапқы және терең өңдеу қондырғыларының түтін мұржаларында, сондай-ақ битум өндірісінде орнатылған.
Пресс-тур барысында қатысушыларға түтін газдарының құрамын үздіксіз талдауды қамтамасыз ететін газ-талдағыштар мен хроматографтарды қоса алғанда, заманауи жабдықтардың жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпорын мамандары өлшенетін көрсеткіштерді бақылау тәртібі және олардың «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі мен табиғи ресурстары туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде берілу тетігі туралы баяндады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ПМХЗ-ның жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ынтымақтастыққа дайындығын білдірді, кәсіпорында заманауи экологиялық мониторинг жүйелерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Соңында делегация өкілдері пресс-турды ұйымдастырушыларға және автоматтандырылған мониторинг жүйесінің жұмысымен тікелей өндірістік алаңда танысу мүмкіндігін ұсынғаны үшін зауыт басшылығына алғыстарын білдірді. «ПМХЗ» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау қызметі
Фото — Ирина Адылканова