Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев кәсіпорынның өндірістік қызметімен, негізгі технологиялық қондырғылармен және өндірістің тиімділігін арттыруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыру барысымен танысты. Ол мұнайды бастапқы және терең өңдеу, күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығына, ашық мұнай өнімдері өндірістеріне барды.
Орталық өндірістік-диспетчерлік басқармада ПМХЗ бас директоры Маждай Ахметов кәсіпорынның 2025 жылғы өндірістік қызметінің қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат ұсынды.
2025 жылы шикі мұнайды өңдеу 5,765 млн. тоннаны құрады; 2026 жылға арналған жоспар – 5,846 млн.тонна. Автобензиндер өндірісі 2025 жылы 1,670 млн тоннаға жетті; 2026 жылғы жоспар – 1,705 млн тонна; 2025 жылы сұйылтылған көмірсутекті газдар - 284 мың тонна; 2026 жылғы жоспар – 276 мың тонна; авиаотын (2025 жыл) – 218 мың тонна; 2026 жылғы жоспар– 240 мың тонна; 2025 жылы дизель отыны– 2,109 млн тонна; 2026 жоспар – 2,178 млн.тонна. Бұл ретте ашық мұнай өнімдерінің шығымы 74,3% деңгейінде қалыптасты.
Сондай-ақ, ПМХЗ басшысы бірінші вице-премьерге битум бойынша өндірістік жоспардың орындалуы туралы баяндады. 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ПМХЗ-да битум шығару 205,5 мың тоннаны құрады, ал іс жүзінде 234,453 мың тонна өндірілді.
Сонымен қатар, Маждай Ахметов Нұрлыбек Нәлібаевқа сенімділікті арттыру үшін кәсіпорында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер туралы хабарлады. Олардағы басты назар алдын алу шараларына аударылады: деректерді талдау және мониторингтеу, назар аударуды қажет ететін позицияларды ерте анықтау, адам факторының әсерін азайту..
Сапар қорытындылары бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары кәсіпорынның орнықты дамуы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік, өндірістік үдерістерді цифрландыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Владимир Бугаев пен Анна Гронская