Жөндеу-механикалық цехының қызметкері Дулат Шамкен 2026 жылы ПМХЗ үздік электр-газ дәнекерлеушісі атанды.
Павлодар мұнайхимия зауытында «Электр газ дәнекерлеуші» номинациясы бойынша «Үздік маман-2026» кәсіби шеберлік конкурсы аяқталды.
Қатысушылар екі турдың біліктілігін растады: цехтік және зауыттық. Олар теорияны тапсырды, содан кейін практикалық тапсырмаларды орындады. Соңғы бөлімде әр жіктің мінсіздігін және техниканы меңгеру дәлдігін іс жүзінде дәлелдеуге дайын өз ісінің үздік төрт шебері бақ сынасты. Олардың жұмысын арнайы сарапшылар комиссиясы бағалады.
Алынған баллдардың нәтижелері бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
• 1 орын және «Үздік электр газбен дәнекерлеуші» атағы 5-разрядты Жөндеу-механикалық цехтың (РМЦ) қызметкері Дулат Шамкенге берілді. Конкурс қорытындысы бойынша ол 13,8 балл жинады.
• 12,9 баллмен 2 орынды РМЦ 6-разрядты маманы Антон Воробьев иеленді.
• 3 орын Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының (ЖҚМЦ) 6-разрядты электр-газбен дәнекерлеушісі Сергей Ерёменко иеленді. Оның нәтижесі - 12,3 балл.
Сондай-ақ, соңғы кезеңге 8,1 балл алған 6-разрядты электр-газбен дәнекерлеуші Дмитрий Засько қатысты.
Әріптестерімізді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және қауіпсіз әрі табысты жұмыс тілейміз!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова