«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
20.04.2021
484 просмотров
ПМХЗ COVID-19-ке ұжымдық иммунитет құру жолында

Елбасының халық имунитетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, ПМХЗ өз қызметкерлерін және аутсорсингтік компаниялардың жұмыскерлерін вакциналау бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Вакцина алуға ниет білдірген алғашқы азаматтар 7 сәуір күні «Медикер-ПМ» ЖШС денсаулық сақтау негізінде ұйымдастырылған зауыттық вакцина алу пунктіне келді.

Вакцина алар алдында барлық қызметкерлер қажетті көрсеткіштерді тексеру үшін дәрігердің алғашқы қарауынан өтті. Тек, осыдан кейін ғана оларға вакцина алуға рұқсат берілді.  

ПМХЗ-да вакциналау науқаны жалғасып жатыр. Алайда, бұған қарамастан, сақтықтың барлық қажетті шаралары, оның ішінде кәсіпорын аумағында міндетті түрде бетперде тағу сақтық шарасы сақталады және жұмыскерлер тарапынан толық орындалады.    

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу