«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
27.07.2026
6 просмотров
ПМХЗ-да «Respublica» партиясының өкілдерімен кездесу өтті     2026 жылғы 27 шілдеде «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-нің (ПМХЗ) мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Құрылтайына алдағы сайлауға орай ұйымдастырылған үгіт-насихат іс-шарасы аясында «Respublica» партиясы өкілдерінің кәсіпорын ұжымымен кездесуі өтті. Бұл жаңа заң шығарушы орган 2026 жылы 15 наурызда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша құрылып, 2026 жылдың 1 шілдеден бастап елдің жаңа бірпалаталы парламенті ретінде күшіне енді.
    Жиынды «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Мирас Хамитов ашты, кейін сөзді «Respublica» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Амангелді Маханбетке, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты әрі облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Сабиден Мантыковқа берді.


   Іс-шара барысында партия өкілдері кәсіпорын қызметкерлерін «Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылады. Партия кәсіпкерлікті дамытуға, цифрландыруға және тиімді мемлекет құруға шақырады.


   ПМХЗ дәстүрлі түрде әртүрлі қоғамдық-саяси бірлестіктер өкілдерімен ашық диалогты қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында еңбек ұжымын ақпараттандыру үшін алаң ұсынады.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Айнаш Мажит

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу