«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
28.07.2026
1 просмотр
ПМХЗ-ның «Мұнайшы» командасы — LLF PAVLODAR 2026 жазғы чемпионаты Супер-лигасының жүлдегері        «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-нің «Мұнайшы» командасы Павлодар қаласында өткен Қазақстан Әуесқой футбол лигасының (LLF) 2026 жылғы жазғы чемпионаты Супер-лигасында сәтті өнер көрсетіп, маусым қорытындысы бойынша құрметті екінші орынды иеленді.
    Чемпионат қорытындысы бойынша Супер-лигадағы жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — «ERTIS AUDANY» командасы;
2 орын — «МҰНАЙШЫ» командасы;
3 орын — «ҚЫЗЫЛЖАР» командасы.


    «МҰНАЙШЫ» командамыздың ойыншысы Сұлтан Асаинов ерекше марапатқа ие болып, жоғары шеберлік деңгейін, командалық ойын мен спорттық мінезін көрсеткені үшін Супер-лиганың «Үздік қорғаушысы» атанды.
    ПМХЗ командасының осындай жарыстарға қатысуы — кәсіпорынның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі. Бұл бастама бұқаралық спортты дамытуға, командалық рухты нығайтуға және зауыт қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.


     Қазақстан Әуесқой футбол лигасы Қазақстан шағын футбол федерациясымен бірлесіп, әуесқой футболды дамытуға жағдай жасап, ел бойынша мыңдаған ойыншылар мен командаларды біріктіріп, қолжетімді әрі кәсіби ұйымдастырылған спорттық ортаны қалыптастыруда.
ПМХЗ «Мұнайшы» командасын маусымды сәтті аяқтауымен құттықтап, жаңа жеңістер, тартысты ойындар мен алдағы спорттық жетістіктер тілейді!

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: Анастасия Никитина, Павлодар Әуесқой футбол лигасы LLF PAVLODAR 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу