Бұл тәжірибе алмасу іс-шарасы салааралық өзара іс-қимылды дамыту, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ заманауи басқарушылық шешімдерді енгізу саласындағы озық білімдерді бөлісу шеңберінде ұйымдастырылды.
Қонақтарды ПМХЗ бас директорының орынбасарының міндетін атқарушы – техникалық директор Әлібек Қожасов қарсы алды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес делегаттар міндетті кіріспе нұсқаулықтан өтіп, содан кейін қатысушыларға тыныс алу органдарын жеке қорғаныш құралдары берілді.
Арнайы бағдарлама кәсіпорын аумағы бойынша шолу экскурсиясын және орталық басқару пунктін аралауды қамтыды. Онда ЕЭК әріптестеріне орталық өндірістік-диспетчерлік басқарма жұмысының қалай ұйымдастырылғаны көрсетілді. Өндірістік қауіпсіздік, өндірістік операциялардың сенімділігі және басқаруды цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Бұдан әрі өкілдік тобы оқу орталығы мен зауыт мұражайын аралап, кәсіпорын тарихымен, жаңғырту кезеңдерімен және ағымдағы өндірістік көрсеткіштермен танысты. Конференция залындағы тәжірибе бөлісу барысында тараптар еңбекті қорғау, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ персоналды дамыту және корпоративтік мәдениет бағыттары бойынша ақпаратпен бөлісті.
Нәтижелі басқосудың қорытындысы бойынша қатысушылар ПМХЗ-дағы өндірістік процестерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелі тәсілді және кәсіпорынның ашық кәсіби диалогқа мүдделілігін атап өтті. Тараптар ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға, соның ішінде ERG энергетикалық дивизионының өндірістік алаңдарына қарымта сапарлар ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Өзара тәжірибе алмасу конструктивті атмосферада өтті және өнеркәсіп секторы кәсіпорындарының тиімділігін арттыру мен тұрақты дамуы үшін білім бөлісудің маңыздылығын дәлелдеді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото, видео және монтаж – Айнаш Мажит