Іс-шараны мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Амангелді Егінбай мен қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гүлназ Алимканова ұйымдастырды.
Қалдаяқовтың көпшілікке танымал әндерін зауыт қызметкерлері мен сервистік компаниялардың жұмысшылары орындады. «Сен сұлу» әнін МКТӨ қызметкері Жақсылық Уахитов, «Кешікпей келем деп ең» әнін «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС қызметкері Баянгүл Макенова орындады. Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің қызметкерлері Жақсылық Шахмарданов, Жеңіс Байманқұлов және Марат Мейрхановтан құралған трио «Қайдасың» әнін орындап, көрермендерді тебірентті.
Композитордың халық арасында сүйікті «Ана туралы жыр» әнін кадрларды даярлау жөніндегі маман Арман Иманғалиев орындағанда, залдағы көрермендердің көпшілігі оған қосылып ән шырқады. Жетекші маман Дария Сагитова да «Қуаныш вальсі» әнін орындап, әншілік өнердегі бағын сынап көрді.
Концерт Шәмші Қалдаяқовтың танымал шығармаларынан құралған попурримен аяқталды. Оны концертке қатысушылардың барлығы бірге орындады. Іс-шара соңында концертке қатысушыларды операциялық үйлестіруші Халилулла Джакуадаев марапаттап, ізгі тілегін білдірді.
Ұйымдастырушылар іс-шараға жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетсе, орындаушылар шығармашылық тұрғыдан өз өнерлерін таныта білді.
Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, көрермендердің оң бағасына ие болды. Мұндай бастамалар корпоративтік мәдениетті дамытуға, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін қолдауға және ұлттық өнерді насихаттауға ықпал етеді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Анна Гронская