Екі алтын және қола: ПМХЗ командасының республикалық турнирдегі нәтижелері
13.08.2026
1 просмотров
6–8 тамыз аралығында Щучинск қаласында Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің сабақтас салалары қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылымдық бөлімшелері арасында республикалық турнир өтті.
Павлодар мұнай-химия зауытының командасы:
волейболдан – 1-орын;
стритболдан – 1-орын;
шағын футболдан – 3-орын иеленді.
«Жақсы-2» спорт базасында өткен турнир аясында үстел теннисі мен шахматтан да жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа «ПМХЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП), «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» (АХҚЗ), «Қазфосфат» ЖШС, «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» АҚ және «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ПМХЗ өкілдері жеке марапаттарға да ие болды. Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің (МКТӨ) құю-төгу операторы Ерзат Сакишев волейболдан үздік тосқауыл қоюшы атанды. МКТӨ құю-төгу операторы Рустам Галимов стритболдан үздік шабуылшы деп танылды. «ПМХЗ» ЖШС спорт ұйымдастырушысы Әлібек Бәкібаев шағын футболдан үздік қорғаушы атанды.
Республикалық турнир биыл төртінші рет өткізіліп, сала қызметкерлері үшін дәстүрлі спорттық шараға айналды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұсынған