Іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша әріптестеріміз ҚМГ компаниялар тобының 200-ден астам үздік жас маманының қатарына еніп, 10–13 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Бейбарыс» демалыс кешенінің базасында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жастар форумына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Форумға ПМХЗ атынан қатысқандар:
- Бекмағамбет Ардабаев — МӨКжәнеТӨ, тауар операторы;
- Бағдатгүл Кенженова — МӨКжәнеТӨ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері;
- Владимир Идрисов — БӨАжәнеТҮА цехы, приборшы;
- Жантемир Болташев — АМҚӨӨ, 3-разрядты құю-қотару операторы;
- Адлет Сабитов — БӨАжәнеТҮА, инженер.
OiLeaders бағдарламасына қатысу — көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, тәжірибе алмасуға, пікірлестермен танысуға және мұнай-газ саласының жаңа буын кәсіби мамандарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жас мамандарымызға жарқын әсер, жаңа білім және табысты кәсіби даму тілейміз! Форум жаңа кәсіби жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болсын!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото форум қатысушыларымен ұсынылған