ПМХЗ-да БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті
21.08.2026
1 просмотров
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де (ПМХЗ) республикалық және өңірлік БАҚ, ақпараттық ресурстар мен авторлық медиажобалар өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.
Баспасөз турына тәуелсіз журналистер мен медиажобалар авторлары, қазақстандық ірі БАҚ журналистері, блогерлер мен инфлюенсерлер қатысты.
Баспасөз туры аясында журналистер ПМХЗ-ның өндірістік нысандарын аралап, технологиялық процестермен танысты.
ПМХЗ бас директоры Маждай Ахметов баспасөз турына қатысушыларға кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері мен зауытты дамытудың негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, технологиялық процестерді цифрландыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Болатхан Серікбай, ҚМГ