Павлодар мұнай-химия зауытында автомобиль бензинінің арбитражды сынамасының нәтижелері алынды.
2026 жылғы 25 тамызда Павлодар мұнай-химия зауытының автомобиль бензинінің арбитражды сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында талданды (SGS еншілес компаниясы, оның 115 елде бөлімшелері бар, штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, Швейцария). Зертханада арбитражды сынамалардың МЕМСТ 32513 сапасына сәйкестігі расталды. Осылайша, Павлодар мұнай-химия зауыты шығаратын АИ 95 және АИ 98 бензин маркалары Кеден одағы техникалық регламентінің КО ТР 013/2011 және МЕМСТ 32513-2013 талаптарына сай келеді. Яғни, зауыт жөнелткен бензин партияларының сапасы расталып отыр. Анықтама: арбитражды сынама – паспорттау кезінде мұнай өнімінің әрбір тиелетін партиясының сынамасы зауыт аумағында орналасқан SGS тәуелсіз зертханасында талдаудан өтеді. Оған арбитражды сынама деген пломба қойылып, ол арнайы арбитражды қоймада 45 тәулік бойы сақталады және мұнай өнімінің сапасын бағалауына қатысты келіспеушіліктер туындаған кезде пайдаланады