«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
08.09.2026
2 просмотров
Энергия, бірлік және спорт: «Ертіс» шаңғы базасында «ПНХЗ» ЖШС-нің мерекесі өтті Бүгін «Ертіс» шаңғы базасының аумағында «ПНХЗ» ЖШС қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін біріктірген жарқын спорттық мереке – MUNAI RUN FEST өтті.
Оқиғаға бай күннің орталық оқиғалары жеңіл атлетикалық кросс пен ұлттық спорт түрі – арқан тартудан өткен тартысты жарыстар болды.

Кроста ер адамдар 5 км, ал әйелдер 2 км қашықтықты бағындырып, тамаша дене дайындығы мен жоғары спорттық рухын көрсетті.

Әртүрлі жас санаттарында жеңімпаздар атанғандар:


1-орын – Виктория Мельник;
2-орын – Александра Гребёнкина;
3-орын – Екатерина Беженцева;

1-орын – Ирина Фляум;
2-орын – Айсұлу Сәдуақасова;
3-орын – Маржан Ахметова;

1-орын – Адлан Ұрымбаев;
2-орын – Владимир Батяшов;
3-орын – Михаил Ахмедзянов;

1-орын – Әлібек Мусин;
2-орын – Виталий Кириченко;
3-орын – Ростислав Хальзов.


Ерекше эмоционалды леп арқан тарту жарысынан байқалды, онда құрамалар алдын ала жеребе арқылы құрылды.

 Турнир ережесі бойынша бір командаға бір цехтан екіден артық өкіл кірмеді, ал капитандар мен «тұғырлар» ретінде ПНХЗ құрамасының спортшылары шықты.

Мұндай формат әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлерін біртұтас, ынтымақты топтарға біріктірді.


 «Орда» біріккен командасы жеңімпаз атанды.
Екінші орын – «Іртыш», үшінші орын – «Номад».

Мереке жаттығумен, TRUEBAND кавер-тобының өнерімен, балалар аймағымен, сыйлықтар ұтыс ойынымен және дәстүрлі дастарханмен толықтырылды.

MUNAI RUN FEST тағы бір рет дәлелдеді: ПНХЗ-нің басты күші – бірлік пен командалық рухта!


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко, Асылжан Жеңіс


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу