Павлодар мұнайхимия зауытының мамандары, зауыттың бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің басшылығымен «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу» орталығының» онлайн-курсында еліміздің жаңа Экологиялық кодексін зерттеп оқыды.
«ПМХЗ» ЖШС 27 басшылары мен мамандары 2021 жылғы сәуір айының 20-нан 24-не дейін ҚР жаңа экологиялық кодексіне арналған оқудан өтті.
Зауыт жұмыскерлері экологиялық заңнаманың негізгі қағидаттарын зерделеп, кәсіпорында қалдықтарды басқарудың жаңартылған әдістерімен танысты, шығарындылардың мониторингі қалай жүргізілетіні жайлы. Сонымен қатар курстың бағдарламасында Кәсіпкерлік кодекске сәйкес мемлекеттік бақылау объектілерінде қоршаған ортаға және болашақта ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу мәселесі талқыланды.
Бұл курс зауыт жұмыскерлеріне өте пайдалы болды, себебі ПМХЗ – экологиялық тәуекелдерді тиімді басқарып, өндірістің қоршаған ортаға әсерін жоспарлы түрде төмендетіп, өзінің экологиялық көрсеткіштеріне бақылау жасап отыратын кәсіпорын.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі