Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған жоғары марапат белгілеріне 931 сала маманы ие болды.
Павлодар мұнайхимия зауытының ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің (АМҚӨӨ) аға операциялық үйлестірушісі Николай Құдайбергеновті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау зауыттың мақтанышы үшін ерекше себеп болды.
Николай Килановичтің еңбек жолы - мамандық пен туған жерге деген адалдықтың әсерлі үлгісі. Ол Павлодар мұнайхимия зауытына 1987 жылдың қазан айында битум, күкірт және кокс өндіру цехында салынып жатқан мұнай коксын қыздыру қондырғысына 4-разрядты оператор болып келді. 1989 жылдан бастап оператордан қондырғы бастығына дейінгі жолды жүріп өткен сол цехта вакуумдық блогы бар битум өндіретін қондырғыда еңбек етті.
Зауытта жұмыс істеген 38 жылға жуық уақыт ішінде Николай Құдайбергенов өнімнің шығымдылығын едәуір арттыруға және технологиялық үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін жабдықтарды ауқымды қайта құру мен күрделі жөндеуге қатысты. Оның ұтымды ұсыныстары ресурстарды бірнеше рет үнемдеп, еңбек қауіпсіздігін арттырды. Н.Құдайбергеновтің бірқатар ведомстволық наградалары, олардың арасында «Мұнайгаз кешеніне қосқан үлесі үшін» медалі бар.
Бүгінде Николай Құдайбергенов жастармен бай тәжірибесімен бөлісіп, әріптестері арасында лайықты беделі мен құрметіне ие. «Ерен еңбегі үшін» медалі — оның көп жылғы еңбегін және отандық мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан зор жеке үлесін лайықты мойындау деп білеміз.
Николай Килановичты лайықты марапатымен құттықтаймыз және зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа кәсіби табыстар тілейміз!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ