2026-2027 оқу жылында Павлодар мұнайхимия зауыты іске асыратын дуалды оқыту жобасы кеңейтілуде. «Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК 3 курс студенттері өңірдің негізгі кәсіпорындарының бірінде кәсіпқой-зауыт жұмыскелерінің қамқорлығымен тәжірибеден өтетін болады. Жеті адам Жөндеу-механикалық цехы (ЖМЦ) және Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы (ЖҚМЦ) базасында дағдыларын шыңдайтын болады.
«ПМХЗ» ЖШС персоналды оқыту және дамыту бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі маманы Сәуле Жақыпова жаңа оқу жылының басталуына арналған колледж іс-шарасына қатысты. Зауыт атынан ол студенттер мен оқытушыларды құттықтап, сәттілік, өз күшіне деген сенімділік пен алға қойған мақсаттарына жетуді тіледі.
ПМХЗ-да техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығы, сондай-ақ жас мамандардың өңір өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі әрқашан танылады. Кәсіпорын үшін білікті кадрларды даярлау маңызды бағыт болып табылады, сондықтан ТжКБ ұйымдарымен серіктестігі басымдықта болады.
Алда студенттердің жаңа оқу жылы, жаңа білім, кәсіби жаңалықтары мен болашақ мамандыққа алғашқы қадамдары тұр.
Кәсіби мақсаттарыңызға жетіп, үнемі дамып, биіктерден көрінуіңізге тілектеспіз!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фотоны Сәуле Жақыпова ұсынды