Кәсіпорынның атынан өкілдік ету құқығы үшін компаниялар тобы деңгейінде еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің 11 маманы бақ сынасты. Байқауды модератор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжәнеЕҚ) жөніндегі инженер Бағдатгүл Кенженова ұйымдастырып өткізді.
Қатысушылар үш кезеңнен өтті:
• ҚР заңнамасын және нормативтік актілерді білуге тестілеу;
• жауаптардың жылдамдығы мен дәлдігі ескерілген блиц сұрақтары бар квиз-ойын;
• уақыты шектеулі ситуациялық есептерді шешуге арналған практикалық жағдайлар.
Жинаған балдар сомасы бойынша бірінші орынды ЕҚжәнеЕҚ жөніндегі жетекші инженер Ұлан Тұрапов иеленді.
Енді жеңімпаз «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қорытынды олимпиадасында ПМХЗ намысын қорғайды. Ал оның қорытындысы бойынша ең мықты қатысушы «Самұрық-Қазына» АҚ жыл сайынғы олимпиадасында барлық компаниялар тобының намысын қорғауға аттанады.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз! Қатысушыларға қатысқандары және жақсы дайындықтары үшін алғыс айтамыз!
Ақпаратты Бағдатгүл Кенженова ұсынды
Фото: ЕҚжәнеЕҚ қызметі