2026 жылдың 1 қазанынан бастап «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС МЕМСТ 32511-2013 және КО ТР 013/2011 талаптарына сәйкес келетін ДО-Е-К4 сұрпының маусымаралық дизель отынын өндіруге көшеді.
Маусымаралық дизель отыны сүзгіштіктің шекті температурасы (СШТ) минус 15 °С-тан аспайтын мөлшерде шығарылатын болады, бұл осы түрдегі отынға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
«ПМХЗ» ЖШС өндірілетін дизель отынының төмен температуралық қасиеттерін жақсарту мақсатында, «Павлодар химия зауыты» ЖШС өндірген KMC R-260 маркалы депрессорлық-бытыратқыш қоспаны қолдануды жоспарлап отыр.