«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бастамасымен 2026 жылғы 17 қыркүйектегі Бас директордың орынбасары - кәсіпорынның бас инженері Ренат Саликов технолог-мамандармен бірлесіп, ЖШС өкілдерімен бейнеконференция өткізді.
Түсіндіру кездесуінің мәні Павлодар ҰХЗ-ның МЕМСТ 32511-2013 және КО ТР 013/2011 талаптарына сәйкес келетін ДТ-Е-К4 түрінің маусымаралық отынын шығаруға көшуі болды.
IMG_4932.JPG
Нормативтік құжаттар сапа паспортында сәйкестендірілген жағдайда отынның төмен температуралық сипаттамаларын жақсарту үшін қоспаларды қолдану мүмкіндігін тікелей көздейді. «KMC R-260» депрессорлық-бытыратқыш қоспасы маусымаралық дизель отынына арналған қоспа ретінде таңдалды.
IMG_4934.JPG
Кеңеске «QazaqOil», «GasEnergy», «Монолит», «PetroRetail» АЖҚС және тағы басқалары қатысты.
Кездесу барысында желі өкілдері қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіпорын мамандарынан толық жауап алды.
Анықтама үшін:
«KMC R-260» депрессорлық-бытыратқыш қоспасы — бұл дизель отынының (ДО) төмен температуралық қасиеттерін жақсарту үшін мұнай өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын химиялық компонент (жазғы ДО-ны маусымаралық маркаларға, соның ішінде қысқы маркаларға ауыстыру).
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланысы бойынша бөлімі
Фото - Анна Гронская