«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
02.10.2026
1 просмотров
Қарияларымызға арналған павлодарлық мұнай өңдеушілердің алғыс сөздері 2026 жылғы 1 қазанда дәстүр бойынша «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС өзінің «алтын буынын» А.П. Чехов атындағы драма театрында жинап,  еңбегі мен еңбекқорлығы кәсіпорынды дамытқан және мықты еткен зейнеттегі жұмыскерлерге құрмет көрсету үшін жинады. «Аға ұрпаққа алғыс айту күні» «САМҰРЫҚНАМА: 20 игі іс» бастамасы аясындағы ең әсерлі іс-шаралардың біріне айналды.
Кәсіпорын ардагерлеріне “Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері Ренат Саликов ризашылықтарын білдірді.
Зейнеткерлер үшін Антуан Роның «Бәрін басынан баста» лирикалық комедиясы мен театр холындағы дастарқан дайындалды. Сондай-ақ құрамында 924 адам бар ПМХЗ ардагерлер кеңесінің әрбір мүшесіне материалдық көмек берілді.

Кәсіпорынның 74 мүмкіндігі шектеулі бұрынғы қызметкерлеріне де назар аударылды. Оларға зауыттың жас мамандары: Әлібек Мұсин, Тілек Мағжан, Дария Сағитова, Бекмағамбет Ардабаев барып келді. Еріктілер жылы құттықтаулар мен материалдық көмек көрсетуден басқа шайға жиынтықтар әкеліп, ардагерлердің көңілін көтеріп, қуантты.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото—Дария Сағитова, Әлібек Мұсин

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу