Бұл күні күнделікті жұмыс міндеттері бір сәтке кейінге шегеріліп, баршаға ортақ тазалық пен тәртіпті сақтауға ұласты. Сенбілікке қатысушылар аумақты тазалап, бір-біріне қолдау көрсете отырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау әр адамның нақты ісінен басталатынын өз үлгісімен көрсетті.
Сенбілік аумақты ретке келтіріп қана қоймай, күнделікті жұмыс қарбаласынан тыс әріптестермен еркін араласып, пікір алмасуға да жақсы мүмкіндік болды. Бірлескен еңбек қатысушыларды баршаға ортақ түсінікті мақсат – өміріміздің елеулі бөлігі өтетін ортаны таза әрі жайлы ету жолында біріктірді.
Осындай игі бастамалар «Самұрықнама: 20 игі іс» бағдарламасының мән-маңызын арттыра түседі. Өйткені ізгілік нақты іске ұласқанда, оған бөлінген уақыт пен еңбек арқылы көрініс табады.
Барша қатысушыларға белсенді атсалысқаны, қайрат-жігері және ортақ ортамызға деген жанашырлығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
«ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметінің ақпараты бойынша