«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
05.10.2026
1 просмотр
Балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің тәлімгерлерімен — ПМХЗ қызметкерлерімен кездесті «Самұрық-Қазына: 20 игі іс» бастамасы және Samruk Umiti қайырымдылық жобасы аясында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-де кәсіпорын қызметкерлерінің қамқорлығындағы балалар үйлерінің тәрбиеленуші студенттерімен кездесу өтті.
Балалар үшін зауыт аумағы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында олар кәсіпорынның өндірістік қызметімен және мамандар жұмысының ерекшеліктерімен жақынырақ таныса алды.

Студенттердің тәлімгерлерімен қарым-қатынасына ерекше назар аударылды. Samruk Umiti бағдарламасы бойынша «ПМХЗ» ЖШС «Павлодар химия-механикалық колледжімен», «Павлодар монтаждау колледжімен», «Түсті металлургия жоғары колледжімен» ынтымақтастықты жүргізеді. Тәлімгерлер арасында Жөндеу-механикалық цехының бастығы Жасұлан Айдарғалин, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандырудың жетекші инженері Әділет Сәбитов, операциялық жақсарту бөлімінің бастығы Олжас Сейтмұханбетов бар.

Колледж оқушылары мен тәжірибелі мұнай өңдеушілер арасындағы ашық диалог алаңы жастардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарын түсінуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен қолдаудың одан әрі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Зауыт жұмысшылары мамандықтың қалыптасуы озат оқу мен еңбекқорлықтан басталатынын атап өтті.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото — Ирина Адылканова 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу