«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
05.10.2026
1 просмотр
Павлодар мұнайхимия зауытында «Автокөліксіз күн» акциясы өтті «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Самұрықнама: 20 игі іс» корпоративтік бастамасы аясында ПМХЗ қызметкерлері «Автокөліксіз күн» экологиялық акциясын өткізді. Зауыт жұмысшылары жұмысқа бару үшін жеке көлікті пайдаланудан жаппай бас тартты.
Әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын болғандықтан, ПМХЗ көптеген жылдар бойы қызметкерлерді орталықтандырылған жеткізуді дербес ұйымдастырып жүзеге асырып келеді. Қызметтік автобустар арнайы маршруттар бойынша жүреді, қаланың барлық аудандарынан мамандарды зауыт аумағына жеткізіп, үйлеріне жеткізіп салады. Акция күні осындай ұйымдастырылған жеткізу жеке көліктерін үйде қалдырған қызметкерлерге зауыттағы жұмыс орындарына ыңғайлы түрде жетуге көмектесті.

Жай күндері жеке көлікті ұнататын жұмысшылар үшін зауытқа іргелес аумақта күзетілетін бес тұрақ бар (біреуі ақылы және төртеуі тегін). Алайда, акция кезінде тұрақ аймақтары бос қалды.

ПМХЗ-да ішкі экологиялық көлікке де ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлер зауыттық велосипедтерде цехтар мен технологиялық қондырғылар арасында жедел және қоршаған ортаға зиян келтірмей қозғалады.

«Автокөліксіз күнді» өткізу ПМХЗ-ның экологиялық жауапкершілік қағидаттарына бейімділігін және «Самұрық-Қазына» тобының әлеуметтік жобаларына ұжымның белсенді қатысуын көрсетті.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото — Ирина Адылканова

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу