ПМХЗ жол битумын климаттық аймақтарды ескере отырып шығаруға көшеді
22.10.2026
1 просмотров
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2026 жылғы 1 қарашадан бастап әртүрлі климаттық аймақтар үшін битум шығаруды бастайды: Солтүстік және орталық өңірлер үшін БНД 70/100 маркалы және оңтүстік өңірлер үшін БНД 50/70 маркалы жол битумы.
Шешім Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Н.М. Нәлібаевтың төрағалығымен өткізілген жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының сапасын арттыру жөніндегі республикалық семинар-кеңестің нәтижелері бойынша хаттамалық тапсырманы орындау үшін қабылданды.