«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
29.10.2026
1 просмотр
Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлері «Қош, махаббат!» қойылымын тамашалады «Самұрықнама: 20 игі іс» жоспарының мәдени-ағарту жұмыстары мен іс-шаралары аясында ПМХЗ қызметкерлері Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Қарағанды академиялық музыкалық театры ұсынған «Қош, махаббат!» қойылымын тамашалады.
ПМХЗ қызметкерлері үшін театрға бару жағымды мәдени оқиға, заманауи театр өнеріне көз жеткізу, әріптестермен мәдени кеш өткізу және кәсіби ұжымның шығармашылығымен танысу мүмкіндігі болды.

«Қош, махаббат!» қойылымы көрермендерді ойға батырып, жарқын әсер қалдырды. Онда махаббат, адами қарым-қатынас және өмірлік таңдау тақырыптары қозғалды, бұл кейіпкерлерге жанашырлық танытуға және маңызды өмірлік құндылықтар туралы ішкі диалогқа мәжбүр етеді.

ПМХЗ қызметкерлердің мәдени дамуы мен бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
 Фото — Гүлназ Әлімқанова

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу