«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
06.05.2022
161 просмотров
ПМХЗ тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Павлодар мұнай-химия зауыты тыл еңбеккерлерін құттықтады. Аталмыш мерекеге орай аға буын өкілдеріне естелік сыйлықтар табыстап, зор құрмет пен ықыласына бөледі.

ПМХЗ соғыс кезінде зұлматтың зардабын майдангер қатарлы тартып, ыстық-суығына бірге төзген тыл еңбеккерлерін қайырымдылық асына шақыру дәсүрін жаңғыртты. Мамыр айының бесінші жұлдызында 9 тыл еңбеккері «Нефтехимик» сауықтыру кешенінде жайылған дастарханның төрінен табылды. 

Мұнда ардагерлерге мерекеліс ас беріліп, казак ансамблі олардың құрметіне концерттік бағдарламаларын орындады. 

Мерекелік шараға қатыса алмаған 10 тыл еңбеккерінің сыйлықтары үйлеріне апарылып табысталды.

Ыстық ықылас пен зор құрмет білдіре отырып, меймандардың алдында құттықтау сөз айтуға Өндіріс бойынша бас директор орынбасары-жетекші инженердің м.а. Алексей Аникин, Еңбекті қорғау бойынша бас техникалық жетекші-еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Сергей Петрук пен Персоналды басқару мен еңбекақы төлеу департаментінің директоры Татьяна Жданова ортаға шықты. ПМХЗ-ның Жастар істері бойынша кеңесінің мүшелері кеш қонақтарына зор денсаулық пен бойларына күш-қуат тіледі.

Биыл Павлодар мұнай-химия зауыты жылдар бойы қамқорлығына алып келе жатқан 19 еңбек ардагерін құттықтады.

Кәсіпорын 1945 жылдың Жеңісін жақындатқан тыл еңбеккерлерін ұлықтау дәстүрін жандандырып, одан әрі жалғастырмақ.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу